Астанада тағы бір көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада тағы бір көше жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді.

Белгілі болғандай, И.Панфилов көшесінің Тәуелсізідік даңғылынан тұйық көшесіне дейінгі аралығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді.

Осыған байланысты 25 шілде 5 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастыралатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы