Астанада тағы бір көше жабылды

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Еңлік Кебек көшесінен бастап Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде Сұлукөл көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты 30 және 31 тамызда жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы