Астанада тағы бір көше учаскесі жабылады
Астанада Домалақ ана көшесінің учаскесіне орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қорғалжын тас жолынан Қ.Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскеде Домалақ ана көшесіне орташа жөндеу жүргізеді.
Осыған байланысты, 15-22 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен Гарвард қазақстандық сирек кітаптар мен қолжазбаларды цифрландыру жобасын бастайды
Келесі жаңалық
Үлкен ауылының тұрғындары екінші АЭС құрылысын қолдайды
Өзгелердің жаңалығы