Астанада тағы бір көше қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Ш. Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысында көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жол төсемінің жөнделуіне байланысты 26 мамыр 00:00-ден 28 мамыр аралығында Ш.Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысы автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы