Астанада тағы бір көше 10 күнге жабылады
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының баспасөз қызметі Жаңақоныс көшесінде 10 күн орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеру сұралады.
15 пен 25 сәуір аралығында Жаңа қоныс көшесінің Кенжин көшесінен Дулат Бабатайұлы көшесіне дейінгі аралығында қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады, – деп жазылғен басқарма хабарламасында.
Шектеу енгізілген учаскеде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семейде әйел адамды жүк пойызы жаншып кетті
Өзгелердің жаңалығы