Астанада тағы бір Bus Lane жолағы пайда болады
Елордада тағы бір Bus Lane жолағы пайда болады. Бұл туралы қала әкімдігі айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20 тамыз күні елордада тағы бір Bus Lane жолағы Әл-Фараби даңғылының Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралығында, екі бағытта іске қосылады.
Қазіргі уақытта бұл аудан - қарқынды өсіп келе жатқан аудандардың бірі. Бұл көшемен 5 бағдар (№ 15, 28, 35, 58, 84) бойынша күніне 80 автобус жүреді.
Bus Lane жолағы жедел жәрдем қызметі, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қоғамдық көліктер қозғалысының жол жүру уақытын, аралықты, аялдамаларда жолаушылардың автобустарды күту уақытын қысқартуға ықпал етеді, - делінген әкімдік хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ТЖМ құтқарушылары Алматыдағы өртті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы