Астанада тағы бір аллея ашылды

Елордада Мәңгілік Ел даңғылы, 36 мекенжайында «Астана қаласы мәслихатының 30 жылдығы» аллея салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Барлық сайланымның депутаттары «Астана қаласы мәслихатының 30 жылдығы аллеясын» ашты. Барлығы 30 жас қарағай отырғызылды.

Мұнда жыл бойы бүкіл ел бойынша мерейтойлық күнге орайластырылған мәдени және спорттық іс-шаралар өтеді, депутаттар қайырымдылық акцияларының бастамашысы болады. Мерейтойлық жыл бірінші кезекте қаламыздың тұрғындары үшін пайдалы, қайырымдылық істермен атап өтіледі, - деп атап өтті елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы