12 Мамыр 2024 2024, 16:31
Астанада тағы 8 автобустың бағыты өзгерді
City Transportation Systems компаниясы елордада тағы бірнеше бағыт ауысып, қоғамдық көлік айналып жүретінін еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
City Transportation Systems компаниясы елордада тағы бірнеше бағыт ауысып, қоғамдық көлік айналып жүретінін еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 18, 52, 54, 57, 121, 120, 24, 24Н бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді, - деп хабарлады компаниядан.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен мына сілтемеде таныса аласыздар.
Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар жол жөндеу жұмыстарына байланысты Қошқарбаев даңғылы бойымен Абылай хан даңғылына бара жатқан жолдағы «№ 1 қалалық аурухана» аялдамасына өтетін жол жабық.
Сондықтан № 9, 11, 22, 22А, 28, 47, 48, 71 бағдарлары аталған аялдамада уақытша жолаушыларды отырғызып-түсірмейді.