15 Қыркүйек 2024 2024, 13:15

Астанада тағы 4 автобустың бағыты өзгерді

Бірнеше автобустың бағдарына өзгеріс енгенін хабарлады.

City Transportation Systems компаниясы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше автобустың бағдарына өзгеріс енгенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қалада LRT жол өткелдеріндегі уақытша металл конструкциялар алынып, демонтаж жасалып жатыр.

Осыған байланысты № 43, 10, 12, 51бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

Ауысқан қозғалыс схемасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп ескертеді City Transportation Systems баспасөз қызметінен.

Мұның алдында № 25, 61 автобустардың да бағыты өзгерген болатын.