9 Шілде 2026, 22:42 Фото: Depositphotos.com

Астанада Сығанақ көшесі жөндеу жұмысына байланысты жартылай жабылады

Учаске кезең-кезеңімен жабылатын болады.

Астанада 9-16 шілде аралығында Сығанақ көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Арыс көпіріне (М-3) дейінгі учаскесінде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған учаске кезең-кезеңімен жабылатын болады. Осыған байланысты көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады, – деп жазылған хабарламада.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескергені жөн.