Бүгiн 2026, 13:52
Фото: видеодан скриншот
Астанада сұлулық салоны өртеніп кетті
Өрт 20 шаршы метр аумақты қамтыды.
Астанада құтқарушылар СПА-салондағы өртті сөндірді.
Астана қаласы Нұра ауданындағы Қ. Мұхамедханов көшесінде орналасқан 12 қабатты тұрғын үйдегі СПА-салонда өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер ғимараттан өздігінен эвакуацияланды. 112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
ТЖМ күштерімен өрт 20 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.