Астанада суға батып бара жатқан спортшы құтқарылды

Ұлттық Ұлан сарбазы суға батып бара жатқан спортшыны құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылдың 21 шілдесінде сағат 17:02-де елордадағы "Студенттік саябақта" қоғамдық тыныштықты бақылап жүрген Ұлттық ұланға қарасты 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы өзен жағасынан өтіп бара жатып, суға тұншығып, көмекке шақырған баланы байқаған.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Әлібек Ноғаев бұл туралы радиостанция көмегімен патрульдік топтың бастығы қатардағы жауынгер Ахат Матаевқа дереу баяндай салысымен киімін шешіп, суық суға секірген. Белгілі болғандай, 12 жасар бала ескек есу бойынша жаттығу кезінде жел екпінінен каноэ (қайық) аударылып, жасөспірім суға бата бастаған. Осылайша, қырағы жауынгерлердің батыл және шешуші әрекеттері оны ажалдан аман алып қалды. Бала жаттықтырушысына табысталды. Олар құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілеріне алғыстарын айтты, - делінген ҚР Ұлттық ұланының баспасөз хабарламасында.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Айта кетейік, қатардағы жауынгер Әлібек Ноғаев осы оқиғадан кейін қызметін қайта жалғастырды. Ал бүгін таңертең аталған әскери жасақтың барлық құрамы елордалық жедел бригада командирінің алғысына бөленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы