Астанада су тасқынына қарсы іс-шаралар қалай жүріп жатыр

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында көктемгі су тасқынына қарсы қандай іс-шаралар жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүріп жатыр: 26 мың метр арық-науа желісі тазартылды, шамамен 1900 метр құбыр буландырылды, 800 метрден астам коллектор жуылды. Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер елордадан 3,5 млн текше метрден астам қар шығарды.

Су басу қаупін азайту үшін әрі көктемгі тасқын суларды өткізуге дайындық бойынша кешенді іс-шаралар жоспары әзірленді. Қаладағы су тасқыны қаупі бар учаскелердің саны өткен жылдармен салыстырғанда 21-ге дейін азайды. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер тұрақты дайындыққа келтірілді. Су тасқыны салдарының алдын алу және жою үшін инертті материалдар қоры дайындалды.

Жауапты мемлекеттік органдардың алдына су өткізу құрылысын тазалауға ерекше назар аудару, су тасқыны қаупі бар учаскелердің, елді мекендердің қарын уақытылы күреуді бақылауға алу және т.б. міндет қойылды, - деп жазды елорда әкімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы