Астанада спорт мектептері тәрбиеленушілерінің денсаулығын қалай көңіл бөлінеді

Мемлекет басшысы өз Жолдаулары мен тапсырмаларында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне бірнеше рет назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордада бұл бағытта нақты жұмыстар жүріп жатыр – спорт нысандары салынып, түрлі жастағы тұрғындарды қамтитын секциялар ашылып жатыр.

Спортшылардың денсаулығын Астананың спорттық медициналық орталығы бақылайды. Оның жұмысы туралы онлайн-брифингте мекеме басшысы Азамат Ерқасымов айтып берді.

Өткен жылдың тамыз айынан бастап қалалық спорт орталығында «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ ведомстволық бағыныстағы ұйымдарына тереңдетілген медициналық тексерулер жүргізе бастады. Биыл 1, 2, 4, 5, 8 БЖМОРСМ-мен Олимпиадалық спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясына, олимпиадалық емес спорт түрлерінен спортты дамыту дирекциясына медициналық тексерулер жүргізді. Медициналық тексерістен өткен спортшылардың жалпы саны шамамен 6575 адамды құрады.

Сонымен қатар, шағымдар мен өтініштер болған жағдайда физиотерапиялық қызмет көрсету, спортшыларды сауықтыру, оңалту және қалпына келтіру жұмысы жүргізілді.

Орталықтың бірегейлігі – спортпен белсенді шұғылданып, саламатты өмір салтын ұстанатын адамдарға, кәсіби спортшыларға диагностикалау, оңалту, қалпына келтіру және емдеу бойынша кең түрлі медициналық қызмет көрсетуінде. «Астана қаласының Спорттық медициналық орталығы» МКҚК соңғы озық үлгідегі арнайы медициналық жабдықтарымен жабдықталған. Енді спортшылар басқа қалаларға, шетелдерге бармай-ақ, жеке клиникаларға немесе жеке мамандарға жүгінбей-ақ, медициналық диагностика, дене даярлығы мен қимыл-қозғалысының деңгейін анықтайтын кешенді тестілеуден өте алады, - деді спикер.

Орталықта жарақат алған спортшыларды оңалту және қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Биыл орталық қосымша мамандандырылған медициналық, оңалту және физиотерапиялық жабдықтарды сатып алуды жоспарлап отыр, бұл жарыстардан немесе жарақаттардан кейін спортшыларды қалпына келтіру және оңалту ісін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Спорт медицинасы және спорт психологиясы бойынша бапкерлер мен спортшыларға арналған дәрістер курсын бастау жоспарланып отыр.

Астана медицина университетімен және Назарбаев университетімен спорт саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, болашақ және қазіргі спорт медицинасы дәрігерлерін практикалық оқыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жоспарланып жатыр.

Сонымен қатар, орталықтың алдағы жылдарға арналған жоспарында – құрамына спорт медицинасы дәрігерлері, реабилитологтар, физиотерапевтер, емдік жаттығу нұсқаушылары, спорт психологы, диетолог-нутрицсолог сияқты мамандар кіретін кешенді ғылыми топ ашу.

Топтың мақсаты жаңа әдістерді, технологияларды және спортшыларға арналған ұсыныстарды әзірлеу және жетілдіру арқылы спортшылар мен медицина қызметкерлерін дайындаудың тиімділігін арттыру болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: sportsarena.kz
Өзгелердің жаңалығы