Астанада спорт күніне орай жаппай веложарыс өтеді

Елордада 18 тамызда Спорт күніне арналған жаппай веложарыс өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Велосипедшілер айналма веложолдан (Қосшыға қарай жол бойында) 25 км қашықтықта басталып, Ильинка (Үркер) «Жасыл белдеу» тұрғын алабының саябағында аяқтайды.

Веложарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу 07:00-ден 08:00-ге дейін жалғасады. Басталуы: 08:00. Қатысушы велосипедпен бірге болуы керек. Тіркелу тегін.

Жарыс аяқталғаннан кейін мәреге тіркелген қатысушылар арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы