Астанада соңғы екі жылда алғаш рет балалар қызылша жұқтырып жатыр - дәрігер

Астанада соңғы екі жылдан бері балалар алғаш рет қызылша дертіне шалдықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.

Биыл 1-тоқсанның қорытындысы бойынша елордадағы инфекциялық, паразиттік, карантиндік және аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайлы деп бағаланады. Бүгінде инфекциялық сырқаттанушылықтың 48 нозологиясы бойынша тіркелмеген, олар: тырысқақ, іш сүзегі, ботулизм, қызамық, дифтерия, листериоз, бруцеллез, сібір жарасы, қышыма аурулары. Жұқпалы аурулар мен тамақтан уланудың топтық жағдайлары тіркелген жоқ, - деп атап өтті бас санитар дәрігер.

Сонымен қатар ол Астанада балалар арасында қызылша дертінің соңғы екі жылдан бері алғаш рет тіркелгенін алға тартты.

Соңғы екі жылда астанада қызылша ауруы тіркелмеген. Алайда биыл наурыздан бері 7 бала қызылша жұқтырғаны анықталды. Ауырған балалардың жасы: 6 мен 14 жас аралығы. Олардың барлығы ата-анасының бас тартуы себепті қызылшаға қарсы екпе алмаған, - деді Сархат Бейсенова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы