Астанада сол жағалаудағы орталық көшелер бір күнге жабылады
Астанада Дінмұхамед Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 20 шілде күні көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ қаланың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.
Аталған учаскеде көлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағы бойынша кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Қала билігі тұрғындар мен қонақтардан маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс бағыттарындағы мүмкін өзгерістерді ескеруді сұрайды. Сонымен қатар, уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Римде 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды
Өзгелердің жаңалығы