Астанада ШЫҰ энергетикалық форумы өтеді
Биыл қазанда Астанада Шанхай Ынтымақтастық ұйымы энергетикалық форумы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл қазанда Астанада Шанхай Ынтымақтастық ұйымы энергетикалық форумы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Үндістан төрағалық ететін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің бейнеконференция арқылы өткен жиынында белгілі болды.
Оған ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов қатысты. Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан ШЫҰ-ның энергетикалық стратегиясын әзірлеп жатқанын атап өтті. Құжат ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі энергетика саласындағы одан әрі ынтымақтастығының негізгі бағыттарын қамтиды.
2023 жылғы маусымда ШЫҰ органдарына төрағалық ету Үндістаннан Қазақстанға ауысады. Осыған байланысты, Болат Ақшолақов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика министрлерін биыл қазанда Астанада өтетін ШЫҰ Энергетикалық форумына қатысуға шақырды.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің кезекті отырысы 2024 жылғы маусымда өткізіледі.