Астанада шетелдік 200 мың еуроны елден жасырын шығармақ болған

Астанада шетел азаматы Қазақстаннан ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны заңсыз әкетуге тырысқаны үшін жауапқа тартылды. Ол елордалық әуежай арқылы 200 мың еуроны декларациясыз шығармақ болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың шешімімен тәркіленген валюта мемлекет кірісіне айналдырылды.

Прокуратураның мәліметінше, бұл шешім қолма-қол шетел валютасын шекарадан өткізуді реттейтін заң нормаларына сәйкес қабылданған.

Бас көлік прокуратурасы 10 мың доллардан асатын қолма-қол ақшаны декларациясыз әкетуге тыйым салынатынын еске салды.

2025 жылдың басынан бері осы талапты бұзғаны үшін 129 адам жауапқа тартылып, жалпы 88 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы