Астанада «Шекарасыз музыка» атты концерт өтті

«Астана Опера» сахнасында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Шекарасыз музыка» атты опералық-симфониялық концерт өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Концерттің шымылдығын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен «Астана Опера» оркестрінің орындауындағы Тілес Қажығалиевтің «Қыз қуу» симфониялық күйі ашты. Дж.Россинидің аттас операсынан Семирамиданың ариясын Салтанат Ахметова орындады.

Қазақтың халық әні «Япурай» әнін баритон Дінмұхамед Көшкінбаев орындады. Петр Чайковскийдің Оркестр мен виолончельге арналған Рококо тақырыбындағы вариацияларын әйгілі виолончельші Сергей Ролдугин ұсынды.

Музыкалық кешті Д.Шостаковичтің Оркестр мен скрипкаға арналған №1 концертін орындаған скрипкашы Павел Милюков аяқтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Алдыңғы жаңалық
Алматыда қойма өртенді
Өзгелердің жаңалығы