Астанада Сеул мен Токиодағыдай жол салынады
Астана қаласында көлік кептелісін азайту мақсатында көпдеңгейлі жылдам транзиттік жолдар салу жобасы қолға алынбақ. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әкімнің айтуынша, Қабанбай батыр көшесі бойымен, әрі қарай Республика даңғылы арқылы Бөгенбай батыр көшесіне дейін жалғасатын екі деңгейлі жолдың жобалау жұмыстары басталады. Бұл жолдың жалпы ұзындығы – 12,4 шақырым. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылы бастау жоспарланып отыр.
Қала басшысы мұндай жылдам көлік дәліздері әлемнің ірі мегаполистерінде – Сеул, Мәскеу, Токио, Бейжің, Бангкок және Париж қалаларында табысты іске асырылғанын атап өтті.
Екі деңгейлі жол іске қосылған жағдайда көлік кептелісі 30–40 пайызға дейін азаяды деп күтілуде. Сонымен қатар, оң жағалаудың тарихи келбеті сақталады, – деді Астана қаласының әкімі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылорда облысында соңғы 3 жылда 21 спорт кешені бой көтерді
Келесі жаңалық
Тіс емханасындағы 3 жасар қыз өлімі: Сот үкімі шықты
Өзгелердің жаңалығы