Астанада сауда орталығы маңында әдейі өрт қойған адам ұсталды

Астана қаласында бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіру фактісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Елордада полиция қызметкерлері Қараменде би Шақаұлы көшесінде орналасқан сауда орталығының аумағында үш қоқыс контейнеріне әдейі өрт қойған 50 жастағы азаматты ұстады. 

Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері келіп, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді. Құқық бұзушы анықталып, ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Соттың шешімі бойынша, азамат 30 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы