Астанада сатып алу құқығымен жалға 100 тұрғын үй беріледі
«Тұрғын үй орталығы» «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ арқылы Астана қаласында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атаулы бағдарламаға бұрын жарияланған бағдарлама бойынша пәтер көлеміне қосымша болып табылады.
Бұл бағдарламаға кез келген санаттағы тұрғын үй кезегінде тұрған азамат қатыса алады, егерде төмендегі еңбек салаларында қызмет жасаса:
1) білім беру;
2) денсаулық сақтау;
3) мәдениет;
4) спорт;
5) әлеуметтік қорғау (Астана қаласы әкімдігіне ведомстволық бағынысты мекемелері)
6) Астана қаласының Полиция департаменті және оның бағынысты;
7) Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті және оның бағынысты
Пәтер саны: 100
Сала | Пәтер саны | |||
1- бөл | 2- бөл | 3- бөл | Барлығы | |
Білім беру | 7 | 3 | 5 | 15 |
Денсаулық сақтау | 7 | 3 | 5 | 15 |
Мәдениет | 6 | 2 | 5 | 13 |
Спорт | 7 | 2 | 4 | 13 |
Әлеуметтік қорғау | 7 | 2 | 5 | 14 |
Полиция департаменті | 7 | 3 | 5 | 15 |
Төтенше жағдайлар департаменті | 7 | 3 | 5 | 15 |
Барлығы | 48 | 18 | 34 | 100 |
Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй;
1 ш. метрге жалға алу құны – 1455 теңге;
Жалға алудың ең ұзақ мерзімі – сатып алу құқығымен 20 жылға дейін;
Тұрғын үй жалға алу мерзімі өткеннен кейін жалға алушының меншігіне өтеді;
Табыс жеткіліксіз болған жағдайда кепілгерлерді тарту мүмкіндігі;
Орналасқан жері: «Замечательный» ТК (Байқоңыр ауданы, С.Торайғыров көшесі, 4 үй), «Н.Тілендиев» ТК (Сарыарқа ауданы, Н.Тілендиев даңғ.,38 үй), «Жаңа Қоныс» ТК (Сарыарқа ауданы, Қосшығұлұлы көшесі, 17/1 үй және 17/3 үй)
Қабылдау күні: 2023 жылдың 22 мамырынан 10.00-ден бастап 29 мамырына 23.59-ға сағ. дейін;
Өтінімдерді қабылдау электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталында жүргізіледі.
Құжаттар тізімі:
1) ЭЦҚ кілті;
2) өтінім берген сәтте 10 күннен кешіктірмей берілген мекеменің фирмалық бланкісіндегі жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы
3) Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығы туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне);
Маңызды ақпарат! Егер сіз өтініш берген кезде, мысалы, екі бөлмелі пәтерді таңдасаңыз және таңдау нәтижелері бойынша оған сәйкес келмесе, сіз пәтердің басқа түрін таңдай алмайсыз және қайта өтініш бере алмайсыз
Бағдарлама 3 кезеңде жүзеге асырылады:
1)Қатысуға өтініш беру және кезекке қою күніне сәйкес іріктеу;
2) Кезекке қою күні бойынша байқаудан өткеннен кейін Қазақстан тұрғын компаниясында төлем қабілеттілігі рәсімдерінен өту қажет (8(800)080-44-48 ҚЖК жедел желі телефоны).
3) Қазақстан тұрғын үй компаниясы (ҚТК) порталында Тұрғын үй кешені (ТК) мен пәтерді таңдау.
Өтінімдерді қарау нәтижелері туралы кейінірек «Тұрғын үй қоры» КММ-ның сайтында, «Астана қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ-ның сайтында және Тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.