Астанада Сарыарқа - Кенесары қиылысы жабылады

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты Сарыарқа - Кенесары қиылысы жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа даңғылын орташа жөндеу шеңберінде Сарыарқа даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында жұмыстар жүргізілетін мәлім етті.

Осыған байланысты үстіміздегі жылдың 8 маусымы сағат 20:00-ден 9 маусым сағат 22:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады, - деп жазды Астана қаласы әкімдігі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы