Астанада Сарыарқа даңғылының учаскесі ішінара жабылады

Астана қаласы Сарыарқа даңғылы бойынша Шевченко көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде мердігер ұйым өз қаражаты есебінен асфальтбетон жабыны жөнінде анықталған ескертулерді жою шеңберінде жол жабынының жоғарғы қабатын ауыстыру жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 13-16 тамыз аралығында аталған учаскедегі Сарыарқа даңғылы ішінара жабылады. Жұмыстар жолдың ішінара жабылуымен кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Бұл ретте қиылыстар ашық болады, - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы