26 Қараша 2026, 11:56 Фото: BAQ.KZ архиві

Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Астананың Нұра ауданында салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт болды. Құрылыс нысанынан шыққан қою қара түтін бірнеше жерден байқалып, оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Ұлы Дала көшесінің бойындағы құрылыс нысанында тұтанған.

Осы сәтте Астана қаласының Нұра ауданындағы Ұлы дала көшесінде орналасқан салынып жатқан нысанда өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлады ведомство.

Оқиға орнына жеткен алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері ғимараттың бірінші қабатында ашық жалын барын анықтаған. Алдын ала мәлімет бойынша, құрылыс материалдары 150 шаршы метр аумақта жанған.

Құтқарушылар өртті сөндіруге кіріскен. ТЖМ дерегінше, зардап шеккендер туралы 112 қызметіне хабарлама түспеген.