21 Қараша 2026, 10:49
Фото: ҚР ТЖМ
Астанада салынып жатқан нысанда күзетшінің шағын үйшігі өртенді
Өрт құрылыс алаңының аумағында болған.
Астананың Сарыарқа ауданындағы Ш. Бейсекова көшесінде салынып жатқан нысан аумағындағы жеке тұрған күзет үйшігінен өрт шықты.
Өрт 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жау жедел сөндірілді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.