Астанада Республика күніне орай мерекелік отшашу өтеді

Астанада демеушілік қаражат есебінен Республика күні мерекелік отшашу өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отшашу 25 қазан күні сағат 21:00-де қаланың екі тұсында ұйымдастырылады: Атырау көпірі (қала жағалауы) және Ботаникалық бақ аумағы. Отшашудың ұзақтығы – шамамен 10 минут, ал атыс саны – 3,5 мың.

Айта кету керек, қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекеге орай 200-ден астам түрлі форматтағы іс-шаралар (концерттер, қойылымдар, көрмелер, спорттық іс-шаралар және т.б.) өткізу жоспарланып отыр, олардың жартысы бүгінге дейін өткізілді.

Мереке аясында елордада және түрлі аудандарда әр саланың еңбек сіңірген қызметкерлері, еңбек ардагерлері, батылдығымен көзге түскен азаматтар және т.б. марапатталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы