Астанада Республика күніне арналған отшашу болмайды

Астананың бес ауданында Республика күніне орай мерекелік концерттер өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мерекеге орай отшашу болмайтынын Астана әкімдігі нақтылады. Алайда тұрғындар мен қонақтар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылған.Концерт 14:00-де басталып, 15-ға дейін жалғасады. Мерекелік іс-шара төменде көрсетілген орындарда өтеді.

- Алматы ауданы – «Интернациональный» тұрғын алабы;
- Байқоңыр ауданы – «Өндіріс» тұрғын алабы;
- Есіл Ауданы – «Бәйтерек» монументі;
- Нұра ауданы – орталық саябақ;
- Сарыарқа ауданы – қалалық алаң.

Бұл орындарда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар қойылады. Концерттік бағдарламаларға шығармашылық ұжымдар, Мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің солистері және белгілі өнер қайраткерлері қатысады.

Республика күніне орай Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, оның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және т.б. өткізу жоспарланған.

Іс-шаралар орталық алаңдарда да, ірі нысандарында да, тұрғын алаптардың аумақтарында да, білім беру ұйымдарында және т.б. өтеді. Сондай-ақ Республика күні қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы