Астанада репродуктивті денсаулық апталығы өтіп жатыр

24-30 маусым аралығында Қазақстанда ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылған репродуктивті денсаулық апталығы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ Астанада репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізілуде.

Осы аптада ақпараттық іс-шаралар мен ашық есік күндерінде Жастар репродуктивті денсаулық, қажетсіз жүктіліктің және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу әдістері, АИТВ-инфекциясы мен ЖЖБИ таралуының жоғарылауы және жатыр мойны обырын тудыратын адам папилломавирусының алдын алу туралы көбірек біле алады. Бұл күндері медициналық мекемелерде құрылған кез келген емханада немесе жастар орталықтарында жасөспірімдерге тегін медициналық тексерулер мен кеңестер алуға болады.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері елордадағы № 6 емханада орналасқан "Жас талап" жастар денсаулық орталығына барды. Емхананың бас дәрігері Динара Байсеркинаның айтуынша, жастар орталығы тіркеуге қарамастан дәрігерлердің кеңесі мен көмегіне мұқтаж барлық адамдар үшін ашық.

Біз емханаға тіркелгендердің барлығын және біздің емханаға жататын барлық мектептерді қабылдаймыз. Сонымен қатар кезикелген жастар орталығына елорданың кез келген ауданынан келген жасөспірім келіп, кеңес пен көмек ала алады. Өйткені жастар орталығының жұмыс принципі сенімге, ізгі ниетке, қол жетімділікке, еріктілікке негізделген. Неліктен? Себебі жасөспірім сенім болған кезде ғана келеді, өйткені орталықта оған мейірімділікпен қарайды және орталықтың өзіне бару қол жетімді. Консультацияға жазбасыз келіп, қызметті тегін алуға болады, - деді Динара Байсеркина.

Емхананың бас дәрігері Жастар орталығы басшысының жұмысы мектептерге, балабақшаларға, жоғары оқу орындары мен колледждерге барудан тұратынын айтты.

Қыздар бізге көбірек келеді. Қыздар өз денсаулығын ұлдарға қарағанда көбірек қадағалайды. Дегенмен ұлдардың да келе бастаған үрдісі байқалады, - деп атап өтті Жастар орталығының директоры Людвик Малиновский.

Оның айтуынша, орталыққа күніне 20-25 адам жүгінеді.

Егер мектептерге семинарлар немесе тренингтер қажет болса, олар Жастар орталығы құрған WhatsАpp чат арқылы жүгінеді, мамандар үлестірме материалдармен барып, оларға дәрістер оқып, сұрақтарына жауап береді.

Кездесу соңында Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен репродуктивті денсаулық апталығы өткізіліп жатқанын айтты.

Біз осы комиссияның мүшелері ретінде медициналық мекемелерге барамыз. Әріптестеріміз бен дәрігерлеріміз бізге қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып берді. Неліктен репродуктивті денсаулық маңызды? Себебі бұл - ұлттың денсаулығы. Дені сау қазақстандықтың дүниеге келуі үшін анасының дені сау болуы маңызды. Елімізде осындай орталықтардың болуы өте маңызды, біз бұған өз көзімізбен көз жеткіздік. Біз қандай проблемалар бар екенін және оларды қалай шешуге болатынын білеміз. Қалай болғанда да, елордада бұл мәселелер шешілуде, - деп қорытындылады Снежанна Имашева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы