Астанада рәміздер күніне арналған автошеру өтеді

Астанада 4 маусым күні таңертең Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай дәстүрлі автошеру өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Автошеру Мемлекеттік рәміздер алаңынан басталып, Отан қорғаушылар алаңына дейін жалғасады. Іс-шараны «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырады.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез-келген мемлекеттің өзіндік ерекшелігі мен егемендігін білдіретін ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран болып саналады.

Автошеруге қала еріктілері, 40-қа жуық жеңіл автокөлік және 10-ға жуық мотоцикл қатысады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы