Астанада қызылша ауруы өршіп тұр
Бұл туралы елордалық Санитарлық-эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті елордада қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынғанын айтты.
31 наурыздағы жағдай бойынша елорда тұрғындары арасында қызылшаға күдікпен 14 жағдай тіркелді, оның ішінде екеуінде диагнозы расталды. Қызылша – өткір вирустық ауру, өте жұқпалы, әлемдегі ең жұқпалы инфекциялардың бірі. Қызылшаның жұқпалы индексі 93-95 пайызды құрайды. Вирус ауа арқылы таралады және ұзақ қашықтыққа оңай таралуы мүмкін, - деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары.
Сонымен қатар дәрігер жұқпалы аурудың белгілері мен қаупін ескертті.
Қызылша жоғары температура, интоксикация, жөтел, мұрыннан су ағу, көз қарығу, конъюнктивит, теріде және ауыз қуысының шырышты қабаттарында ұсақ нүктелі бөртпе түрінде көрінеді. Қызылша ауыр асқынулармен қауіпті – отит, пневмония және жүйке жүйесі – энцефалит, менингит, паненцефалит. Паненцефалит – бұл мидың қатысуымен болатын ең ауыр асқыну. Паненцефалит, әдетте, қызылшамен ауырғаннан кейін бірнеше жылдан кейін дамиды және өліммен аяқталады. Бұл психикалық деградацияны, миоклониялық конвульсияларды және құрысуларды тудырады, - деді Жанна Пірәлиева.
Астаналық эпидемиологтар тұрғындарға қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеруді ұсынады.
Егер сіздің балаңыз немесе Сіз қызылшаға қарсы екпе алмаған болсаңыз, қызылшаға қарсы вакцинация алу үшін тұрғылықты жеріңіздегі немесе тіркелген жеріңіздегі емханаға хабарласыңыз. Естеріңізге сала кетейік, қызылшадан тиімді және ұзақ мерзімді қорғаудың жалғыз жолы - вакцинация. Өзіңіздің және балаларыңыздың денсаулығына мұқият болыңыз! – дейді департамент өкілі.