Астанада қыздар арасында ат спортынан ашық біріншілік өтеді

Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласында ат спортының конкур түрінен қыздар арасында ашық біріншілік өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген бұрымдылар 8 наурыз күні «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде кіл мықтыларды анықтайды.

Олар сайыстың 6 бағдары бойынша сынға түседі.

№1 маршрут "Ашық класс санаты";
№2 маршрут "Жастар санаты";
№3 маршрут "Әуесқойлар санаты";
№4 маршрут "4 жасар жас жылқылар санаты";
№5 маршрут "5 жасар жас жылқылар санаты";
№6 маршрут "6 жасар жас жылқылар санаты".

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 6 млн теңге.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы