12 Ақпан 2024 2024, 11:25 Фото: - архив

Астанада Қысқы триатлон өтеді

Астанада триатлонға қатысып, 3 спорт түрін қатар алып жүретін белсенді азаматтар саны артып келеді.

Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қысқы триатлон Астана қаласының тұрғындары мен қала қонақтары, сондай-ақ циклдық спорт түрлерін ұнататын кәсіпқой және әуесқой спортшылар арасында жыл сайын өтетін қалалық ауқымдағы спорттық шара, - деді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркеғали Корбозов.

Ол Астанада триатлонға қатысып, 3 спорт түрін қатар алып жүретін белсенді азаматтар саны артып келетінін айтты.

18 ақпанда Астана триатлон саябағында жарыс жолына шығатын қатысушылар жүгіруден 2,5 шақырым, веложарыстан 3 шақырым, шаңғы жарысынан 2,5 шақырым қашықтықта бақ сынайды. Қашықтықты белгіленген уақыттан кешіктірмей аяқтаған жарыстың әрбір қатысушысы медальдармен марапатталады, - деді ол.