Астанада қысқы спорт түрлері маусымының ашылуына орай шаңғы жарысы өтеді

30 желтоқсанда Астаналық саябақта қысқы спорт түрлері маусымының ашылу рәсімі өтеді. Соған орай шаңғы роллері жолында шаңғы жарысы ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Шаңғы жарысы бірнеше жас санаты бойынша 500 метр және 5 км аралығында өтеді.

Жарысқа қатысушылар төмендегі санаттар бойынша бөлінеді.

- 2014 ж. т. және одан кіші қыздар мен ұлдар;
- 2012-2013 ж. т. – ұлдар (1 км), қыздар (500 м);
- 2010-2011 ж. т. – жеткіншектер, қыздар 2,5 км;
- 2008-2009 ж. т. – жеткіншектер (5 км), қыздар (2,5 км);
- 2006-2007 ж. т. – жеткіншектер (5 км), қыздар (2,5 км);
- 2005-1982 ж. т. – ерлер (5 км), әйелдер (2,5 км);
1982 ж. т. және жасы одан үлкендер – ер зейнеткерлер (5 км), әйел зейнеткерлер (2,5 км).

Бұған қоса спорттық мерекеде спорттың төрт түрі ойынша, атап айтқанда гір тасын көтеру, армрестлинг, белбеу күресі және арқан тартыс бойынша жарыстар өтеді.

Қатысушыларды тіркеу 30 желтоқсан таңертеңгі сағат 08.00 басталады. Шаңғы жарысының басталуы 10:00, қатысушылар жарыс болатын орында тіркеле алады.

Спорттық мерекеде көрермендер мен қатысушылардың арасында лотерея мен түрлі бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Әрбір жас санатына қарай жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы