Астанада құтқарушылар 12-қабатқа көтеріліп, баланы құтқарды
ТЖМ құтқарушылары Астанада тағы бір балаға көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Сарыарқа ауданында орналасқан елордалық көпқабатты үйлердің бірінде анасы 2015 жылы туған ұлы тұрған пәтерге кіре алмаған.
Бірнеше рет телефон шалып, есікті қақса да бала ашпаған соң, күмәнданған ана құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Жедел-құтқару жасағының батыл қызметкерлері автосаты арқылы 12-қабатқа көтеріліп, терезеден пәтерге кіріп, пәтердің есігін ішінен ашты, - делінген хабарламада.
Баланың ұйқтап қалғаны анықталды. Оған медициналық көмек қажет болмаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда жастар форумы өтті
Келесі жаңалық
Тоқаев Таиланд халқын Ұлттық мерекесімен құттықтады
Өзгелердің жаңалығы