Астанада құрылысы аяқталмаған тағы бір тұрғын үй кешені сүріледі

Астанада салынып жатқан комфорт+ санатындағы Washington тұрғын үй кешені Әділет департаментінің шешімі бойынша сүріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана Әділет департаментінде "Строй Премиум Класс" ЖШС-нің Бөкейхан көшесі, 13 мекенжайында орналасқан Washington көппәтерлі тұрғын үй кешені нысаны бойынша барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру және ЖШС-нің осы нысан бойынша салынған құрылыстарды демонтаждау міндеттемесі туралы атқарушылық іс жүргізіліп жатыр.

11 қаңтарда борышкерге сот актісін орындау қажет екені туралы хабарлама берілді. Актілерге сәйкес, аталған нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары әлі жалғасып жатқаны анықталды. Борышкер 138 мың теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. "Атқарушылық іс жүргізу туралы" Заңның 104-бабына сәйкес, мерзімі өткен әрбір күн үшін – 21 қаңтар мен 21 ақпан аралығындағы кезеңде 1 миллион 104 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілді, - деді қалалық Әділет департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Қазіргі уақытта сот сот орындаушысының борышкерден тұрақсыздық айыбын өндіру туралы екінші ұсынысын қарап жатыр.

Korter.kz жылжымайтын мүлік сайты мәліметінше, құрылысы аяқталған тұрғын үй кешені осындай болуы керек еді. Бір шаршы метр құны 500 мың теңгеге бағаланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: 2gis.kz
Өзгелердің жаңалығы