Астанада құрылысшы краннан құлап, қаза болды
Астананың құрылыс алаңында кран операторы биіктен құлап, қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қайғылы оқиғаны Астана қаласы Полиция департаменті растады. Құрылысшы краннан түсіп бара жатып, құлап кеткен. Өкінішке қарай, алған жарақаттарынан тіл тартпай кеткен.
Аталмыш дерекке байланысты "Құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникаларын сақтамау салдарынан адамның мертігуі" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды, - делінген ведомство хабарламасында.
Кейбір дерекке сәйкес қаза болған құрылысшының жасы небәрі 22-де болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісуда 65 есірткі қылмысы тіркелді
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы