Астанада құрылыс нысанында өрт шықты

Астанада құрылыс нысандарының бірінде битум жанып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы уақытта елордалық құтқарушылар Есіл ауданындағы Ұлы дала даңғылы мен Әл-Фараби көшесіндегі құрылыс нысандарының бірінде битумның жануын сөндіруде.

Өрт 10 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Нақтыланған ақпарат бойынша жаңадан салынып жатқан нысанның аумағында іргетас жылытқыш пен битум жанған.

Зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы