Астанада құрылыс алаңында өрт шықты
Астананың Нұра ауданында, Тұран даңғылы бойында салынып жатқан нысан аумағында контейнер өртенді. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді.
Сондай-ақ өрттің көршілес контейнерге таралу қаупі жойылды. Зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ҚР ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
21 қаңтарға арналған валюта бағамы жарияланды
Өзгелердің жаңалығы