Астанада Құдайберген Айтбаевты ақтық сапарға шығарып салды

13 маусымда танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаев 82 жасына қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Астана қаласындағы “Әзірет Сұлтан” мешітінде марқұмның жаназасы шығарылып, оны жақындары мен туыстары ақтық сапарға шығарып салды.

Жаназа рәсіміне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Құдайберген Айтбаев 1941 жылы 25 шілде күні Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Орқаш ауылында дүниеге келді. Ауыл шаруашылығы саласында көп жыл қажырлы қызмет етіп, еңбек ардагері атанды.

Құдайберген Айтбайұлы мен Миуа Мүбәракшақызы 55 жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ұлағатты ұрпақ өсіріп, дарынды ұл-қыздар тәрбиелеп, ел қадірлейтін өнегелі әулетке айналды. Отбасында Гүлзира, Қанат, Нұргүл есімді 3 перзентін тәрбиелеп өсіріп, сол балаларынан көрген немерелері мен шөберелерінің қуанышына кенелді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы