Астанада Қорғаныс министрлігі патриоттық акция өткізді
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара Қарулы күштер Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының алдындағы алаңда өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оған Қарулы күштердің ардагерлері, Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев, М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университеті әскери кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.
Мұражайдың алдында Ұлттық әскери-патриоттық орталық шығармашылық взводының мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері қырық шаршы метрлік Мемлекеттік туды көтерді. Орталық әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мемлекеттік әнұран шырқалды.
Мұндай іс-шаралар Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Каирде Бейбарыс Сұлтан мешітінің ашылу салтанаты өтіп жатыр
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы