8 Тамыз 2026, 08:57 Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада Қорғалжын тасжолының бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады.

Астанада Қорғалжын тасжолының «Рубеж» бекетінен №128 көшеге дейінгі аралықта жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 8 тамыздан 10 қыркүйекке дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады. Жөндеу учаскесінде уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Жол қозғалысына қатысушылардан қауіпсіздік талаптарын сақтап, уақытша шектеулерге түсіністікпен қарау сұралады.