Астанада қоқыс алаңынан шыққан өрт оқшауланды
Бүгін елордадағы Байқоңыр ауданында орналасқан Алаш тас жолы бойындағы аумақта жиналған қатты тұрмыстық қалдықтардан өрт шықты. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі жедел іс-қимылының арқасында өрт жылдам оқшауланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мәліметінше, жалынды сөндіруге бірнеше су оқпандары бағытталып, өртті толықтай ауыздықтау үшін барлық қажетті техника мен күш жұмылдырылды. Қатты жану жүктемесі өртті сөндіруді қиындатқанына қарамастан, мамандардың кәсіби шеберлігі нәтижесінде жалынның таралу қаупі толықтай жойылды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында мүлдем қауіп жоқ. Зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмеді. Өрттің нақты шығу себебі анықталуда. Мамандар алдын ала болжам бойынша, қауіпсіздік талаптарының сақталмауы немесе отты абайсыз пайдалану себебі болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Қала тұрғындарына тұрмыстық қалдықтарды рұқсат етілмеген орындарға тастамау және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау ескертіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы