Астанада қоғамдық монша өртеніп кетті

Астанада екі қабатты монша өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық ТЖД-ге сілтеме жасап.

Ағаштан салынған екі қабатты моншаның төбесі мен шатыры өртенді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша өрт тараған аумақ – 150 шаршы метр. Сағат 22.06-да жалын толығымен ауыздықталды, - деп жазылған қалалық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеода өрт Тұран көшесінде орналасқан «Орлов моншалары» кешені екені айтылуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы