Бүгiн 2026, 02:43
Фото: gov/kz
Астанада "Қазақы тазы" тұқымының көрмесі өтті
Астанада 41-і қазақы тазы қатысқан "Қазақы тазы" ұлттық ит тұқымының моно көрмесі өтті.
"EXPO" халықаралық көрме орталығында "Astana Winner 2026" халықаралық көрмесі аясында "Қазақы тазы" ұлттық ит тұқымының моно көрмесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шараға әртүрлі тұқымдағы 380 ит қатысты. Оның 41-і – қазақы тазы. Бұл көрсеткіш тұқымға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.
Нәтижесінде үздік иттер анықталып, "Тұқымның үздік өкілі" атағын Герда иеленді. Мамандардың айтуынша, мұндай көрмелер қазақы тазыны насихаттауға және отандық кинологияны дамытуға ықпал етеді.