Астанада Қазақстан мен Сербия қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті

Қорғаныс министрлігіне Сербия қорғаныс ведомствосының басшысы Братислав Гашич ресми сапармен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сербия қорғаныс министрі «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Кездесу барысында қорғаныс ведомстволарының басшылары генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Братислав Гашич өзара қызығушылық тудыратын салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Братислав Гашич құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды. Тараптардың серіктестік қатынастарды дамытуға деген ұмтылысының белгісі ретінде министрлер Қазақстан Қорғаныс министрлігі ғимаратының жанындағы «Достық аллеясына» ағаш отырғызды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қорғаныс министрлігі
Өзгелердің жаңалығы