Астанада Қазақстан мен Ресейдің әскери заңгерлері кездесті

Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Заң департаментінің бастығы әділет полковнигі Дидар Әбішев пен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Құқықтық департаментінің директоры Олег Безбабновтың кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заң қызметтерінің бастықтары презентациялық материалдарды ұсына отырып, құқықтық қамтамасыз ету органдарының жүйесі, жетістіктері мен даму перспективалары туралы брифинг берді. Қарулы күштердің қызметін құқықтық сүйемелдеудің проблемалық мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сапар аясында шетелдік делегация Қазақстан Қарулы күштері Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының экспозицияларымен танысты.

Іс-шара Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлігі арасындағы 2023 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қорғаныс министрлігі
Өзгелердің жаңалығы