Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» өткізілді

Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебіне» республиканың барлық өңірлерінен жастар көшбасшыларын жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қатысушылар жасанды интеллект және оны өмірде қолдану, мәдени кодты қалыптастыру, вербалды емес тұлғааралық қарым-қатынас өнері және басқа да трендтегі тақырыптарды талқылады.

Сондай-ақ мектеп шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың қатысушылармен кездесуі өтті. Онда ҚХА жастары жұмысының одан әрі бағыттары, алдағы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өткізілетін іс-шаралар айтылды.

Креативті бастамаларды дамыту және өңірлерден жастарды барынша тарту, жұмысшы жастармен өзара іс-қимыл жасау, студенттік ассамблеяларды дамыту жобалары талқыланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы