Астанада Қазақстан - Бельгия матчынан кейін жанкүйерлер тазалық акциясын өткізді
Елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасындағы ойынды жанкүйерлер ерекше форматта аяқтады. Матч соңында трибуналарда көрермендер экологиялық акция өткізіп, стадионда қалған қоқысты бірге жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Тазалық бастамасына астаналықтардың сүйікті экобейнесі Тазабек те қосылды. Оның қатысуы шараның көңіл-күйін көтеріп, акцияны достық әрі жылы форматта өткізуге сеп болды.
Көптеген жанкүйерлер ойын біткен соң өз орнын жинап, тазалық мәдениетін үлгі етті. Осылайша, футболсүйер қауым ұлттық құрамаға қолдау көрсетіп қана қоймай, қала экологиясына да жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда 17-қабаттан секірмек болған бойжеткен құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы